Русский Казахский

Жарлықтар

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы

(2010.28.06. берілген өзгерістермен)

 

Дарынды балалардың элитарлық білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                     Н. Назарбаев

 

 

 

Астана, Ақорда, 2009 жылғы қаңтардың 13-і.

 

№ 724

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығы

(2009.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

 Президенті                                                                                  Н. Назарбаев

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 

2008 жылғы 1 шілдедегі 

№ 625 Жарлығымен 

БЕКІТІЛГЕН 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

 

3. Кеңестің негізгі міндеттері:

жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;

мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.

 

3. Кеңестің функциялары

 

4. Осы Ережеде айқындалған негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мемлекет басшысына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентінің жастар мәселелері жөніндегі ресми құжаттарын дайындауға қатысады;

3) мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін елдің жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерін талқылауға тартады;

4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді;

5) белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

6) жастар саясаты мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.

 

4. Кеңестің өкілеттіктері

 

5. Кеңес негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында:

1) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) өз отырыстарында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жастар саясаты мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелері жөніндегі жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы мақсатта орталық және жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;

4) ғылыми мекемелердің, білім беру ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық негізде жұмыс істейтін өкілдерінен:

сараптау-талдау жұмысын жүргізу үшін сарапшылар кеңесін;

Кеңес құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құруға;

5) жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.

 

5. Кеңес қызметін ұйымдастыру

 

6. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

7. Кеңес оның жұмысына қоғамдық негізде қатысатын төрағадан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.

8. Кеңес құрамы орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкілдері қатарынан үш жыл мерзімге құрылады.

9. Кеңес төрағасы:

1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарында төрағалық етеді. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында Кеңес жұмысы туралы тұрақты түрде есеп береді;

3) Кеңестің сарапшылар кеңесі мен жұмыс топтарының құрамын бекітеді;

4) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;

5) Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді, Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындап, хаттамаларына қол қояды;

6) Кеңес мүшелерінің Кеңес қызметін жетілдіру және оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінде, тапсырмаларында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективадағы жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;

2) Кеңес жұмысының жоспарларын іске асыруға бақылауды қамтамасыз етеді;

3) жұмыс топтарының және сарапшылар кеңесінің жұмысын үйлестіреді;

4) қорытындылар талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылар кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды;

5) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі жөнінде хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

6) Кеңес отырысының хаттамаларынан үзінділерді өз қолымен куәландырады;

7) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі болып табылады.

Жұмыс органы:

1) Кеңестің қызметін ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;

2) ақпаратты жинап-өңдеуді, жастар саясатының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

3) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысады;

4) Кеңес қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Кеңес отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ кемінде бір жылда бір рет шақырады.

13. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқанда, құқықтық күші бар деп саналады.

14. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқандар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Төрағаның шешімі бойынша Кеңес отырыстарына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың Кеңес құрамына кірмейтін өкілдері, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар шақырыла алады. Кеңес отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.

15. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Кеңес шешімдері Төраға қол қоятын хаттамада ресімделеді.

16. Кеңес мүшелерінің жазбаша түрде баяндалуға әрі хаттамаға қоса берілуге тиіс ерекше пікірін білдіруге құқығы бар.

17. Кеңестің өз өкілеттіктерінің шегінде қабылданатын шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 

2008 жылғы 1 шілдедегі 

№ 625 Жарлығымен 

БЕКІТІЛГЕН 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің

ҚҰРАМЫ

 

Әбдірахымов

Ғабидолла Рахматоллаұлы- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға

 

Шойкин

Ғалым Нұрмағамбетұлы- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы

 

Кеңес мүшелері:

 

Әбдірайымов

Бақытжан Жарылқасымұлы- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

 

 

Әбдірайымова

Гүлмира Серікқызы- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

 

Әукенов

Ерлан Мұратұлы- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры

 

Әшірбеков

Ханай Асанұлы- «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар

қанатының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)

 

Баймұқанов

Нұрбол Болатұлы- Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі

басқарманың бастығы

 

Бахмутова

Наталья Ивановна- «Жас көшбасшылардың қауымдастығы» ҚБ төрайымы (келісім бойынша)

 

Бердіғұлов

Арман Сағатұлы- «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар

қанатының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)

 

Бердіоңғаров

Тәңірберген Мұратұлы- «Қазақстанның Жастар парламенті» ҚБ төрағасы, Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

 

Берсебаев

Болат Талапұлы- «НИХ «Арна Медиа» ҒЗХ» АҚ-ның басқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Ғалиева

Светлана Ахметжанқызы- Қазақстан жастары медиа-одағының директоры, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (келісім бойынша)

 

Жансүгіров

Болат Амангелдіұлы- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті директоры, «Қазіргі заманғы білім» қоғамдық қорының төрағасы

 

Қалимолдаев

Данияр Аманбайұлы- Қарағанды облыстық «Жастар одағы» ҚБ төрағасы (келісім бойынша)

 

Қарасаев

Нұрбек Қарасайұлы- Маңғыстау облысы «Арман» жастар орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)

 

Қуанғанов

Фархат Шаймұратұлы- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

 

Нұржанова

Анар Боташқызы- Көкшетау қаласы «Жастар парламенті» ҚБ төрайымы (келісім бойынша)

 

Омаров

Ғұлам Мұхтарұлы- «Ақ көгершін» жастар орталығы» ҚБ төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

 

Өскенбаев

Қайырбек Айтбайұлы- Қазақстан Республикасы туризм және спорт вице-министрі

 

Өтешев

Нұрлан Сүлейменұлы- «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы (келісім бойынша)

 

Рахманберді

Талғат Абайұлы- «Патриот» ҚБ төрағасы (келісім бойынша)

 

Сағат

Айдос Мансұрұлы- әнші, «Үркер» жастар музыкалық тобының жетекшісі (келісім бойынша)

 

 

Сапарова

Әлия Сүйіндікқызы- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 

университетінің тәрбие жұмысы және қоғамдық келісім жөніндегі

проректоры (келісім бойынша)

 

Сәдуақасов

Дәрмен Қанатұлы- шахматтан халықаралық гроссмейстер (келісім бойынша)

 

Сәпиев

Серік Жұманғалиұлы- бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы (келісім бойынша)

 

Серғазинов

Болат Рамазанұлы- Семей қаласы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық

университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (келісім бойынша)»;

 

Сүлейменов

Ербол Зинаддинұлы- «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ президенті, «Стратегиялық көзқарас» сарапшылар клубы» ҚБ мүшесі, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

 

Сыдықов

Нұрлан Ерболатұлы- «Қазақстан жастарының конгрессі» ЗТБ атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Сыздықова

Бақыт Ахметқызы- Астана қаласы әкімінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

 

Тупицын

Сергей Геннадьевич- Павлодар облысы Балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығы кеңесінің

төрағасы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

 

Шахаров

Асхат Берлешұлы- Ақтөбе облыстық олимпиада резервін дайындау орталығының директоры, самбо

күресінен әлемнің бес дүркін чемпионы (келісім бойынша)

 

Шотанова

Ғалия Айтжанқызы- Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан

тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

 

Біртанов

Елжан Амантайұлы

 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі,

Палаев 

Василий Владимирович- «Агроиздат» ЖШС директоры (келісім бойынша),

 

Тұрсынбаев

Қуаныш Мейрамбекұлы - «Жетісу жастары» МКК директоры (келісім бойынша),

 

Нұржанов

Мірболат Сағынғалиұлы- Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығы ЗТБ төрағасы (келісім бойынша),

         

Назаров

Есенжол Асылбекұлы - Қызылорда облыстық «Жасыл ел» студенттік құрылыс және 

жастардың еңбек жасақтары штабының жетекшісі (келісім бойынша);