Русский Казахский

Бүйрықтар

Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы

 

Wed, 08/14/2013 - 05:04 — admin-ceiso

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

 

БҰЙРЫҚ №519

 

Тараз қаласы                                                                                                                                            27.07.2013 жыл

 

 

Жалпы білім беретін оқу орындарында

2013-2014 оқу жылының басталуы туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы №198 бұйрығына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталу мерзімі 2013 жылдың 2 қыркүйек болып белгіленсін.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) – сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12 - эксперименттік сыныптарында – 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1)    1-11 (12) - сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2013 жылғы 30 желтоқсан – 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2014 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда);

2)    мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2013 жылғы 28 желтоқсан – 2014 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2014 жылғы 20 наурыз -3 сәуірді қоса алғанда);

3)    мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2014 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2. 2013 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатыроваға жүктелсін.

 

 

         Басшы                                                                           С.Құрманбекова

 


<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім қызметкерлерінің 2013 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерін өткізу туралы

 

Wed, 08/14/2013 - 05:25 — admin-ceiso

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

 

 БҰЙРЫҚ №501

 

Тараз қаласы                                                                                                                            15.07.2013 жыл

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

білім қызметкерлерінің 

2013 жылғы тамыз педагогикалық 

кеңестерін өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі №276 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

1.«Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында Жамбыл облысы білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесін дайындап өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін  (қосымша 1). 

2.Аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдеріне:

1)білім қызметкерлерінің тамыз кеңестерін өткізу кестесін 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін ұсынсын;

2)білім қызметкерлерінің тамыз кеңестерін өткізу жөнінде аймақтық іс-шаралар жоспары әзіленсін;

3)жергілікті атқарушы органдары басшыларының, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қоғамдық ұйымдар мен мүдделі ведомстволар өкілдерінің қатысуымен білім қызметкерлерінің аудандық, қалалық кеңестерінің 2013 жылы 20-22 тамыз аралығындағы мерзімді өткізсін.

3.Мектепке дейінгі және орта білім бөлімі (А.Досыбаева) 2013 жылдың 10 тамызына дейін аудандық, қалалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңестерінің жұмысына қатысатын облыстық білім басқармасы қызметкерлерінің құрамы туралы ұсыныс енгізсін.

4.Облыстық білім басқармасы басшысының экономика жөніндегі орынбасары Г.Жауынбекова облыстық тамыз кеңесін дайындап, өткізуге қажет қаражат көздерін қарастырып, жұмсалатын қаражаттың сметасын бекітсін.

5.Облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесін өткізуге жұмсалатын шығын Жамбыл облысы әкімдігінің «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» 

6.(дир. Ш.Қашқынова) есебінен төленсін.

7.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатыроваға жүктелсін.

 

 

Басшы                                             С.Құрманбекова