Русский Казахский

ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 


 

Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Әбілдаев Сағындық Құрманұлының

Өмірбаяны

 

Әбілдаев Сағындық Құрманұлы 1960 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.

-1967 жылы Жуалы ауданы, Кеңес ауылы, 8 жылдық мектебінің                     1 сынып оқушысы;

-1977 жылы Жуалы ауданы, М.Лермонтов атындағы орта мектебін бітірген;

-1978- 1984 жылдыры Жамбыл қаласындағы Педагогикалық институттын физика-математика факультетінде оқып, физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолдары:

-Жуалы ауданы, Кеңес ауылы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі, физика-математика пәндерінің мұғалімі;

            -Жуалы аудандық білім бөлімінің әдіскері;

            -Жуалы ауданы, Кеңес ауылы, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің директоры;

            -Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

            -Жуалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы;

            -2010 жылдың 13 тамызынан Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы.

 

            Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

 

 

 

Әбілдаев Сағындық Құрманұлы

 

ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

 

 

     Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

 

(ҚР Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауынан)

 

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне жалпы-42  (30 орта, 7 негізгі,   бастауыш) мектеп, 24 балабақша, 1 шағын орталық,3 мектептен тыс мекеме (Балалар өнер мектебі, Саз мектебі, Аула клубы) және 1 сырттай мектеп қарайды. 42 мектепте 10829 бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 148-ге артқан. Қазақ тілінде білім беретін мектептер саны – 33, ал аралас тілді мектептер саны – 9. Аралас мектептердің 1-і негізгі, қалған 8-і орта. Мектептердің көпшілігі ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқандықтан және типтік үлгідегі мектептердегі орын санының аз болуына байланысты сыныптардағы оқушылардың орташа тығыздығы 16,1.

 

Биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 1682 мұғалім жұмыс атқаруда,  оның  1504  (89 %)  жоғары білімді, 178  (11 %)  арнаулы орта. Жоғары санаттысы- 267 (16%),  бірінші санаттысы-539 (32%), екінші санаттысы -490 (29%), санаты жоқ-386 (23%) .  

Ауданда 25 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды (24 балабақша, 1 шағын орталық), оларға 1695 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 49,5 %-ды құрап отыр.Бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес 2013 жылдың ІІІ-ІV тоқсандарында Б.Момышұлы ауылында 280 орындық және     50 орындық Ақтөбе ауылынан балабақша ашу жоспарлануда.

Педагог кадрлардың кәсіптік құзырлылығын жетілдіру мақсатында 12 семинар-практикум, 3 әдістемелік кеңес беру сағаттары, 5 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар бойынша пәндер олимпиадасы өткізілді. Білім жетілдіру және қайта даярлау курстарынан - 25 мұғалім өтті.

Оқушылардың интеллектуалдық шығармашылығын мектеп жасынан  дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту мақсатында 1-7-сынып оқушыларына арналған  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының  облыстық «Зерде»  конкурсына  ауданнан іріктелген әр секция бойынша 7 жұмыс қатыстырылды. Облыстық байқаудан ауданымыздың 7 жұмысы Республикалық кезеңге жолдама алып, оқушылар Көкшетау, Шучье қаласына барып зерттеу жұмыстарын қорғап келді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2012-2013 оқу жылындағы  мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 445 оқушы қатысты, қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 25 оқушы қатыстырылып, 12 оқушы жүлделі    І-ші және ІІІ-орындармен марапатталды. Мыңбұлақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мекенбай Мырзатай республикалық кезеңге өтіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша білім сапасы-66,3 пайыз, үлгерім-93 пайыз болып, облыс көлемінде ауданымыз 2011 жылы 3 орында болса, 2012 жылы 2 орынға көтерілді.   

2013 жылы аудан бойынша 11 сыныптары бар 28 жалпы орта білім беретін мектепті 740 және кешкі сырттай мектепті 63 оқушы бітіреді деп жоспарлануда. Жалпы мектеп бітірушілердің саны-803, оның ішінде қазақ бөлімінде -731, орыс бөлімінде-72 оқушы.

Жалпы білім беретін 42 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 854 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 12 оқушыдан келеді.

Аудан мектептерінде барлығы 71 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті –18 , химия кабинетті –6, физика кабинеті–12. Жалпы аудан бойынша 20 лингофонды-мультимедиялық кабинет бар. Және 20 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған. 2012 жылы: биология кабинеттері-3, физика кабиенеттері-3, ЛМК кабинеттері-3, химия кабинеттері-3, стамотология кабинеттері-2 алынды. Осы кабинеттерге жергілікті бюджеттен -29 394,0 мың теңге, облыстық бюджеттен-17 231,0 мың теңге, республикалық бюджеттен-12291,0 мың теңге бөлінді.  

Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға 2013 жылы жергілікті бюджеттен 31535,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 12 291,0 мың теңге, облыстық бюджеттен-аудандық әдістемелік кабинеттін базасын нығайтуға 2742 мың теңге қарастырылды.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес ауданымыздағы шағын жинақты мектептер  проблемаларын шешу мақсатында ашылған  №12 Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектеп-ресурстық орталығында 2013 жылы екі рет: 2013 жылдың 8-18 ақпан мен 15-25 сәуір аралығында оқыту сессиялары өткізілді. Сессиялар кезінде магнитті мектептердің оқушылары тасымалданып, 4 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілді.  Жалпы 2013 жылы, аталған мектепке 20674,0 мың теңге қарастырылған.

Жалпы 42 мектептің 25-і (60 %) типтік 17-і (40%) ыңғайластырылған, ал балабақшалардың 5-і типтік, 13-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.

Апатты жағдайда 5 мектепте жаңа құрылысты қажет етеді. Олар: Абай, М.Ғабдуллин ат.о.м., Ынтымақ, Ақтасты, А.Матросов н.м. Қошқарата ауылындағы Абай атындағы, Ынтымақ ауылындағы Ынтымақ негізгі, Ақтасты ауылындағы Ақтасты негізгі мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттарына және техникалық сараптамасына қажетті қаражатқа сұраныс берілді. Ертай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің ЖСҚ мен техникалық сараптамасына 4,2 млн. теңге бөлінді. Жаңаөткел ауылындағы А.Матросов атындағы негізгі мектебінің ЖСҚ және экспертизасы дайын, сметалық құны 254 673,0 мың теңге.

Бүгінгі күнге облыстық бюджеттен 150 орындыққа арналған Ақтөбе орта мектебінің құрылысы жалғасуда. Сметалық құны- 446383,0 мың теңге. Жеңімпаз мердігер-ТОО «Береке-Холдинг». Берілуі 2013 жыл.

Жаңа 2013 жылы А.Матросов атындағы, Ы.Алтынсарин атындағы орта  және аудан орталығында 300 орындық мектептерінің құрылысы басталады.

2013 жылы барлық білім мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге-21078,0 мың теңге бөлінді, оның мектебіне-13480,0, балабақшаларға 7598,0 мың теңге. Күрделі жөңдеу жұмыстары 2013 жылы Қ.Қошмамбетов ат.о.м. (ОБ-58533,0)  мен         «№5 Балдырған» (РБ-163791,0) балабақшасында жүргізіледі.

2013-2014 жылыту маусымына қажет отынға 37302,0 мың теңге қаржы отынмен қамтамасыз етуге бөлінген. Оның ішінде:

-Табиғи газға: 4622,0 мың теңге;

-Тас көмірге: 32680,0 мың теңге;

Ауданың 15 елді мекеннен 500 оқушы 8 орта мектепке тасымалданып оқытылуда. Тасымалдайтын автокөліктердің барлығы білім бөлімінің меншігінде. 2013 жылы жергілікті бюджеттен 20000,0 мың теңге оқушыларды тасмалдауға автобус алуға қарастырылған. Жалпы тасмалға 2013 жылы 3200,0 мың тенге қарастырылған.

Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі – мектепте аз қамтылған отбасыннан шыққан балаларға ыстық тамақ ұйымдастыру. 2013 жылы 27 мектептің  көп балалы, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 1100 (100%) оқушысы ыстық тамақпен тамақтандырылды. Қосымша тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-2 сынып оқушыларынан 2300 (52,9%) бала. Жалпы аз қамтамасыз етілген балаларды ыстық тамақпен қамтуға бөлінген қаржы – 33143,0 мың , 1-2 сынып оқушыларына 38243,0 мың тенге.

Ыстық тамақпен қамтылған балалардың үлесін көтеру мақсатында 2013 жылдың бюджетіне Алатау, Ақтөбе, Ы.Алтынсарин атындағы орта және Ш.Уалиханов атындағы, Қаратас негізгі, Бақалы, Тасбастау бастауыш мектептеріне қаржы қарастырылуда.